Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру семинары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің іс-шаралар жоспарын орындау аясында, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат беру мақсатында Атырау қаласындағы Абай орталығында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинардың басты тақырыбы — медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және пациенттердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды анықтауда тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысын түсіндіру.
Семинарға спикер ретінде Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі Талғат Жұмағазин қатысты.
Іс-шараға Атырау облысындағы медициналық ұйымдардың, пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит қызметкерлері, бейінді мамандар, заң және экономикалық бөлім қызметкерлері, сондай-ақ мамандандырылған бірлестіктер мен кәсіподақтардың өкілдері қатысты.