Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз — ұлт тәрбиешісі. Ұстаз бейнесі — шәкірті үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Кез келген азаматтың тұлға болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосатын ұлағатты ұстаз — мәртебелі мамандық иесі.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, егеменді еліміздің жарқын болашағы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы еңбектеріңіздің жемісі селене берсін!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен береке-бірлік тілеймін!

Құрметпен,

Надияр Мусин,

ректор міндетін атқарушы.