Қарттарым — асыл қазынам

1-курс 125-126 «Медицина», 109-110 «Педиатрия» топтарының студенттері кураторлары Жайнагүл Қошқарбаева және Ботагөз Абашеваның жетекшілігімен Халықаралық қарттар күніне орай Қарттар үйіне барды. Жастарды адамгершілік қасиеттерге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Өнерпаз студенттер сахна төрінде мың бұрала би билеп, әуелете ән салды. Ата-әжелер әнді ықыласпен тыңдап, өздері де қосыла шырқады. Атаулы күннің сәнін келтірген студенттерге қарияларымыз ақ баталарын берді.

Концерт соңында қарттарымызға естелік сыйлықтарын тарту етті. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, студенттер Қарттар үйіне барғанда үлкен тату отбасына қонаққа келгендей сезімде болды.