Платформа добропорядочности-Integrity Platform
«Әділетті Қазақстан» идеясы әрбір азаматтың табысқа жетуіне мүмкіндік беретін қоғам құру мақсатын көздейді. Осыған орай медициналық және биологиялық химия кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған «Әділетті Қазақстан — Адал азамат — Озық ойлы ұлт» атты адалдық алаңы өтті.
Шараға комплаенс офицері Р.Сугралин, «Медицина», «Педиатрия» факультеттері деканының орынбасары А.Купенова, «Стоматология, қоғамдық денсаулық, фармация, мейіргер ісі және медикалық-профилактикалық іс» факультеттері деканының орынбасары М.Жайлыбаев, кураторлар кеңесінің төрағасы А.Қаниева шақырылды.
Студенттер бойына отаншылдық, құндылықтарын дамытуға кафедра жетекшісі Ж.Гумарова, кафедра профессоры С.Ділмағамбетов бағыт-бағдар берді.
Сонымен қатар студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әкеп соқтыратын зияны туралы және онымен күресудің алдын алу жолдары түсіндірілді.