АСР бағдарламасын ілгерілету туралы талқыланды

Гонконг университетінің профессоры Кармен Чанның дәрісі аясында «Стационарлық күтімдегі мейіргерлерге арналған күтімді жоспарлау бойынша дайындық бағдарламасын (ACP) ілгерілету» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға жаңа білім алуға және күрделі медициналық жағдайларға тап болған науқастарға күтімді жоспарлау бойынша тәжірибе алмасуға мүдделі мейіргерлер қатысты.

Профессор Кармен Чан мейіргерлерді күтімді жоспарлау дағдыларына үйретудің заманауи тәсілін енгізіп, науқастарға одан әрі күтім жасау туралы шешім қабылдау процесінде уақтылы және кәсіби араласудың маңыздылығын атап өтті.

Дәріс соңында сұрақ-жауап сессиясы өтті. Мейіргерлер ACP бағдарламасын олардың клиникалық тәжірибесіне енгізу туралы сауалдарын қойып, тәжірибе алмасты.