Болашақ дәрігерлер дауыс берді

Болашақ дәрігерлер де №1 оқу ғимаратында орналасқан №56 Референдум учаскесіне келіп, ұйымшылдықпен белсенділік танытты.

Студенттер АЭС Референдумы бойынша дауыс беріп, егеменді еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Сонымен қатар аталған Референдум учаскесіне тіркелген осы аумақ тұрғындары да келіп, дауыс берді.

— Сондай-ақ, учаскеге бірінші болып келген 3 дауыс берушіге, алғашқы рет дауыс берушіге, туған күн иелері мен қарияларға сыйлықтар табысталды.

Бүгінде жетпіс жылға жуық тағылымды тарихы бар білім ордасында 18 жастан асқан 700 студент дауыс беру құқығына ие болды, – дейді №56 Референдум учаскесінің төрағасы Әлима Мұхамбетғалиева.