10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
Психология кафедрасында «Заманауи университетте білім алушы жастардың әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатын интенсивті деңгейде арттырудың инновациялық мүмкіндіктері» атты республикалық әдістемелік семинар өтті. Аталған семинар Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай өткізілген іс-шаралар сериясының қорытындысы және IRN AP 19678139 «Батыс Қазақстандағы білім алушы жастардың әл-ауқатын интенсивті өсірудің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін бағалау» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жастардың әл-ауқаты мәселелері бойынша талқылауға оқытушылар Б.Молдин, Р.Канапина, А.Миралеева, М.Книсарина, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-ден К.Қуанжанова және Мәскеу қаласындағы Халықаралық өнер және коммуникациялар колледжінің оқытушысы С.Тенеряднова қатысты.
Ректор міндетін атқарушы Надияр Мусин семинарға қатысушыларды құттықтап, шараның студенттер үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Семинар соңында «ХХІ ғасыр студентінің психологиялық әл-ауқаты» тақырыбында ашық хаттар дизайнын әзірлеу бойынша халықаралық конкурс лауреаттарына дипломдар табысталды. Конкурсқа Қазақстан мен Ресейдің 6 өңірінен 92 студент қатысты.
Тәуелсіз қазылар алқасының ұйғарымы бойынша Гран-приді М.Өтемісов атындағы БҚУ-дің студенті К.Сабирова иеленді. І орынды Г.Жарылғас (М.Оспанов атындағы БҚМУ) және Б.Смаил (OКМА) ІІ орынды Д.Ғалымжанова, М.Жұмабай, Н.Укубаева (М.Оспанов атындағы БҚМУ), ІІІ орынды К.Ерғалиева, Д.Сағындықова (М.Оспанов атындағы БҚМУ), М.Төлегенова (Тұран университеті), Э.Аванесян, А.Кабалоева, А.Тарасова (Мәскеу) иеленді.