Бұзақылыққа жол жоқ!

Тілдер кафедрасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында орыс тілі курсының аға оқытушысы Қ.Жұбаназарова «Медицина» мамандығының 205-топ студенттерімен «Қорқыту, кибербуллинг: өзімізді және достарымызды қорғауды үйрену!» атты танымдық шара өткізді. Мақсат — қорқыту, кибербуллинг ұғымдары, әлеуметтік топтағы осы құбылыстың алдын алу және оның іс-шараларымен таныстыру. Оған студенттер, курс мұғалімдері мен әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметінің психологтары Дастан Нариманов пен Алтынай Алмаханова қатысты. 

Психологтар өз мәліметтерімен бөлісіп, тәжірибелерінен қызықты мысалдар келтірді. 205-топ студенттері қорқыту жағдайлары кезінде өздерін қалай ұстау, кіммен байланысу керек екенін және қорлаудың жағымсыз салдарын алдын алу туралы әңгімеледі.

Шара соңында «Бұзақылық пен кибербуллингке жол жоқ!» атты әлеуметтік роликтер көрсетілді.