Турнир мәресіне жетті

Жастар спорт кешенінде Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамы арасында шағын футболдан Марат Оспановтың Кубогы үшін турнир өтті.

Жарыстың ашылу рәсімінде атқарушы директор Ерлан Жиеналин, жалпы медицина факультетінің деканы Талғар Әбілов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге жоғары оқу орындарынан 5 құрама командасы қатысып, бақ сынасты.

Тартысты өткен жарыс қорытындысында І орынды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Avicenna» құрама командасы иеленіп, Кубокты қанжығасына байлады. ІІ орынды Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының құрама командасы, ІІІ орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құрама командасы иеленді.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!