Құрметті әріптестер, ардагерлер мен білім алушылар!
Сіздерді Тәуелсіз еліміздің айтулы ұлттық мерекесі 25 қазан — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткенге көз жүгіртсек, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның егемендігі туралы» декларациясы қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болды.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Яғни Республика күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өту және бұл күн мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керектігін ерекше атап өткен болатын. Президент бастамасы бірауыздан халық қолдауына ие болып, дәл сол жылы Заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Араға біраз жыл салып, қайта жаңғырған Республика күні биыл, міне, үшінші жыл кең көлемде тойланып келеді. Тарихи күннің баршамыз үшін маңызы өте зор.
Мерейлі мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, өздеріңізге зор денсаулық пен еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!
Құрметпен,
Надияр МУСИН,
ректор міндетін атқарушы.