Мерекелік викторина
Университет музейінде 25 қазан — Республика күніне арналған «Туған жерім — Қазақстан» атты интеллектуалды-викториналық сайыс өтті. Оған белсенді студенттер мен оқытушылар қатысты.
Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Гимнімен басталып, музей жетекшісі Гаухар Сейтжанованың құттықтау сөзімен жалғасты. Ол Республика күнінің маңыздылығын атап өтіп, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің рөліне тоқталды.
Қатысушылар екі топқа бөлініп, яғни «Алаш» және «Азат» командалары болып бақ сынасты. Сайыскерлерге Қазақстан тарихы, мәдениеті мен мемлекеттілігін терең білуді талап ететін сауалдар қойылды. Әр сұраққа дұрыс жауап берген топ ұпай жинады.Топтардың белсенділігі мен білімдері жоғары деңгейде болды.
Тартысты өткен сайыс қорытындысында жеңіске жеткен «Азат» командасы ректор міндетін атқарушы Н.Мусиннің атынан Диплом және «Алаш» командасы белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Атап өтсек, мерекелік шараны бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен университет музейі ұйымдастырды.