Гүлдене бер, менің Қазақстаным!
№2 ішкі аурулар кафедрасының доценті Алма Ахметова 606-топ интерндерімен Республика күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.
Шараны топ студенттері Сымбат Тоқтарбай мен Ысдәулет Мұхиддин жүргізді. Г.Қадырова, А.Хұсатын Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің медицинасының қол жеткізген елеулі жетістіктері туралы презентация мен бейнеролик ұсынды. Ә.Әлімжанов «Ата толғауы», «Көңіл толқыны» күйлерін орындады. Ж.Айсағалиева Қазақстан Республикасының тарихы мен дәстүрлерін білуге арналған зияткерлік ойынын өткізді. 606-топ интерндерінің біріккен хоры «Атамекен» әнін орындады.
Кеш соңында №2 ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі Гүлнара Құрманалина мерекемен құттықтап, атсалысқан студенттерге алғысын білдірді.