Қазақстан — менің мақтанышым

Тілдер кафедрасында аға оқытушы М.Байтақованың ұйымдастыруымен жалпы медицина факультетінің 237, 238-топ студенттері Республика күніне арналған «Қазақстан — менің мақтанышым!» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Студенттер егеменді еліміздің қалыптасу жолы туралы бейнебаян ұсынды. Республика күні 1995 жылы қазанда мемлекеттік мереке болып жарияланды. Біраз жылдан соң бұл мереке қайта жаңғырды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, 25 қазан — Республика күні болып белгіленді.

Студенттер А.Елдашев, Р.Қалиулла, Е.Серік, А.Юнус, А.Мағзұм, Ғ.Жұматайқызы ұлттық аспаптарда күй тартты. Қазақ, орыс тілдерінде Қазақстан туралы ән айтылып, мәнерлеп өлеңдер оқылды. А.Елдашев орындаған «Көңіл толқыны» күйі ерекше серпіліс беріп, көптің көңілінен шықты.

Шара соңында М.Рысмағамбетова, А.Өтегенова көрермендермен «Қазақстан тарихының үздік білгірі» викторинасын ұйымдастырып, ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қонақтар алғыс айтып, мерекенің маңыздылығын атап өтті.