Танымдық шара

Тілдер кафедрасында Республика күніне арналған шара өтті. «Қазақ елі — менің Отаным» атты танымдық бағыттағы тәрбиелік шараға жалпы медицина, медициналық-профилактикалық ісі, қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің 1-2-курс студенттері қатысты.

Көрермендер Қазақстан туралы патриоттық әндердің орындаушыларын, қазақтың ұлттық билерін, ұлттық халық аспаптар оркестрін үлкен ықыласпен және қызығушылықпен қарсы алды. Ұлттық аспаптарда күй ойналып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еліміз туралы өлеңдер оқылды. «Әскери медицина» мамандығының студенттері патриоттық ән шырқап, өлең оқып, қобызда қазақтың ұлттық әуендерінен попурриді шебер орындады. Әскери дайындық жаттығуларынан ұрыс өнерін шеберлікпен көрсетті.

Мерекелік шараның қонақтары қатарында болған жалпы медицина факультетінің деканы Талғар Әбілов құттықтап, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеуде осындай тәрбиелік мәні зор шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталды.