«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Адами ресурстарды басқару департамент жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Адами ресурстарды басқару департамент жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Адами ресурстарды басқару департамент жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Адами ресурстарды басқару департамент жетекшісінің лауазымына жоғары заң білімі және персоналды басқару саласындағы басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе персоналды басқару саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Адами ресурстарды басқару департаментінің жетекшісі:

  1. Сеніп тапсырылған бөлімшелерге білікті басшылық жасауды, олардың қызметін үйлестіруді және Департаменттің өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің лауазымдық міндеттерін тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.
  2. Департаментті лауазымдардың біліктілік талаптарына және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасақтауды, университет кадрларын іріктеу мен орналастыруды бақылау және үйлестіру.
  3. Кадр саясатын қалыптастыру, оның негізгі бағыттарын айқындау және оны іске асыру жөніндегі жұмысты басқару. Университеттің кадр стратегиясын, кадр мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады.
  4. Қызметкерлердің кадрлық есебін, кадрлық құжат айналымын және кадрлық резервті бақылау.
  5. Департамент бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсету.
  6. Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру.
  7. Профессор-оқытушылар құрамын аттестаттаудан өткізу процесін, оның нормативтік және ақпараттық қамтамасыз етілуін бақылау, конкурстық комиссияның шешімін іске асырады.
  8. Қызметкерлерді мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттауға беруді үйлестіру және бақылау.
  9. ҚР заңнамалық актілерінің және ҚР Үкіметінің қаулыларының, Басқарма Төрағасы – университет ректорының кадр саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері жөніндегі бұйрықтары мен өкімдерінің сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелерінің орындалуын бақылау.
  10. Университеттің уәкілетті органдары мен басшылығына Есептіліктің, ақпараттың белгіленген түрлерінің уақтылы жасалуын қамтамасыз ету және бақылау.
  11. Университет қызметкерлерін материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесі бойынша ұсыныстар енгізу.
  12. Университеттің ұйымдық құрылымын және штат кестесін әзірлеуге қатысу.
  13. Жоғары тұрған басшылыққа және бөлімше басшыларына кадр мәселелері бойынша кеңес беру.
  14. Қазіргі заманғы кадрлық жұмысты енгізу негізінде персоналды басқару процестерін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.
  15. Департамент қызметкерлері арасында жүктемені бөлу, университеттің кадрларды есепке алу бөлімінің, клиникалардың кадрлары мен персоналды дамыту бөлімінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асырады.
  16. Мемлекеттік құпияларды қорғау желісі бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  8. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
  9. Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
  10. Файл парақтары бар папка-20 парақ.

Жарияланған күні: 08 қараша 2024 жыл.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail: hr@zkmu.kz