Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

Ақтөбе қаласының әкімдігінде шаһардың бір топ педагогтары мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өтті. Шара Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында және республикалық Референдумның қорытындысы ретінде өтті.

Басқосуда қала әкімі Азамат Бекет шаһарымыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты қарқынды және жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол ұстаздардың егеменді еліміздің қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі үлестерін ерекше атап өтті. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін жүргізілген саяси науқан кезінде белсенділік танытып, атсалысқандары үшін алғысын білдірді.

Кездесуде 30-ға жуық білім беру саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Олардың қатарында болған әріптесіміз, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Әлима Мұхамбетғалиева да Алғыс хатпен марапатталды.

Әлима Кенжеғалиқызы, марапатыңыз құтты болсын! Шығармашылық табыстар тілейміз!