Конкурс қорытындысы

«Қазақстан Республикасындағы паллиативтік көмек: жетістіктер, проблемалар, перспективалар» атты халықаралық қатысуымен өткен IX республикалық конференция аясында психология кафедрасы «Болашақ — қамқорлықпен» паллиативтік көмекте әлеуметтік және психологиялық бастамалардың жастар конкурсын ұйымдастырды. 

Байқау мақсаты — жастарды паллиативтік көмек мәселелеріне саналы және жауапкершілікпен қарауға қалыптастыру. Конкурс қорытындысында «Үздік постер», «Үздік бейне», «Үздік презентация» номинациялары анықталды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің 12 оқу орнынан барлығы 88 жұмыс ұсынылды.

Дауыс беруге паллиативтік көмек саласында еңбек ететін дәрігерлер, психологтар, медбикелер қатысты. Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен жеңімпаздарға сыйлықтарды Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының басқарма мүшесі Т.Острецова табыстады.

Барлық қатысушылар Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының президенті Г.Кунированың және университет ректорының м.а. Н.Мусиннің Алғыс хаттарымен марапатталды.