ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
1 қазан қарттар күні мерекесіне орай университетіміздің тілдер кафедрасы оқытушылары жыл сайынғы жақсы дәстүрден жаңылмай облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне барды.
Жыл сайын оқытушылар өз еріктерімен қаржы жинап, осы тағдырлы мекендегі қамкөңіл қарттарға қайырымдылық жасайды. Іс-шара атауы «Мейірім шуағы». Бүгін де ат басын осы мекенге бұрған кафедра оқытушылары Лида Абдуллина мен Жұлдыз Қожабекова қарттар үйіне барып, қарт аналардың қолынан шыққан бұйымдардың көрмесінде арнайы тоқыма бұйымдары мен тоқыма тоқуға арналған заттарды табыстады. Аталған мекеме басшысы жыл сайын жақсы дәстүрінен жаңылмайтын тілдер кафедрасына өз тарапынан алғыс хат ұсынды.