Университет ғалымдары 1 млрд теңгеден астам грант жеңіп алды

Университет ғалымдары 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру байқауында жеңіске жетті. Байқау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. 

«Кіндік бауынан алынған мезенхималық дің жасушаларының культураларынан экзосомаларды бөліп алуға арналған жиынтықты әзірлеу және оны терапевтік және ғылыми-зерттеу мақсаттарында қолдану» атты жоба 1 001 516 909 теңге көлемінде грантқа ие болды. Бұл жоба биомедициналық зерттеулер мен терапевтік мақсаттарға арналған экзосомаларды тиімді түрде бөліп алуға мүмкіндік беретін инновациялық өнім әзірлеуге бағытталған. 

Мұндай үлкен жетістікке жеткенімізге мақтанамыз және жоба нәтижелері медицина мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз!