Құрметті әріптестер, ардагерлер мен білім алушылар!

Сіздерді егеменді еліміздің ұлттық мерекесі 16 желтоқсан —Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік — азат еліміз үшін айырықша мейрам. Дана халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Кемел келешегіміздің кепілі. Кең байтақ жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалған күн.

Осыдан отыз үш жыл бұрын мемлекетіміз тарихи шешім қабылдап, Тәуелсіздігін жариялады. Жасампаз жаңа дәуірге нық қадам басты.

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, елдігіміздің бұлжымас бағдары және алтын қазығы болған Тәуелсіздік тұғыры берік болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!

Құрметпен,

Надияр Мусин

ректор міндетін атқарушы.