«Ақындары өз өлкесін жыр еткен» облыстық байқауы
Мемлекеттік тілді өзге ұлт жастары арасында кеңінен қолданып, дамыту, қазақ тілі мен әдебиетіне, тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру мақсатында «Ақындары өз өлкесін жыр еткен» атты облыстық байқау өтті. Байқаудың басты мақсаты — қазақтілді жастардың оң имиджін қалыптастырып, мемлекеттік тілді меңгеруге ынтасын арттыру. Шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.
Байқау «Таныс болайық!», «Сырлы сөз самалы» және «Сұрақтар сандығы» сынды кезеңдерден тұрды. Оған университетімізден стоматология факультетінің 2-курс студенті, беларусь ұлтының өкілі Дина Магер қатысып, белсенділік танытты. Әр кезеңнен сәтті өтіп, мемлекеттік тілде өз білімі мен өнерін жоғары деңгейде көрсеткен Дина Алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшесі, белгілі ақын Қайнар Алагөзов студентімізге өзінің екі жинағының бірін естелік ретінде сыйға тартты.
Динаны құттықтап, мемлекеттік тілге деген қызығушылығы мен талпынысы үшін мақтан тұтамыз!