Профессор дәрісі

Гистология кафедрасында «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында Австралияның Сидней Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің профессоры Reza Shirazi арнайы онлайн дәріс оқыды.

Бағдарлама барысында профессор жалпы анатомия, гистология және эмбриология ғылымында заманауи технологияларды қолдану, жасушалық терапия, сандық зерттеулер және ғылыми мақалаларды жазу бойынша дәріс оқып, тың мәліметтермен бөлісті. Жасушалық деңгейде даму үдерістерінің негізгі заңдылықтарын және дене мүшелері мен тіндердің реактивтілігін меңгеру үшін қажет мәліметтерді жоғары деңгейде дайындап қана қоймай тыңдаушылардың ұсыныстарына сәйкес, материалды дәйекті түрде баяндады. Сонымен қатар жасушалардың, тіндердің және мүшелердің дамуы, құрылысы және физиология туралы білімдерін ұштастырды.

Ғылыми мақалаларды жарыққа шығару — әр оқытушы қабілетінің ажырамас бөлігі болып саналатындықтан, тақырып қызығушылықпен тыңдалып, екіжақты талқыланды. Мақала жазудың оңтайлы әдістері, құрылымымен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.