Визитинг-профессор
Оториноларингология және офтальмология кафедрасында «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында Түркияның Düzce университеті медицина факультетінің қауымдастырылған профессоры Ender Güçlü дәріс оқыды.
Профессор Ender Güçlü тәжірибелік денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлерге (оториноларингологтарға) және оториноларингология бойынша резидент-дәрігерлерге дәрістер оқыды. Сонымен қатар, бірінші курс докторантына, сондай-ақ магистратура мен докторантура үміткерлерлеріне кеңес берді.
Дәрістер барысында тыңдаушылар мұрын мен мұрын қуысының анатомиясы мен физиологиясы, ортаңғы және ішкі құлақ ауруларының диагностикасы, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, мұрын қуысы ісіктері, бет жүйкесі салданулары және ұйқыдағы обструктивті апноэ секілді маңызды тақырыптар бойынша білімдерін жетілдірді.
Аталған іс-шаралар мамандардың кәсіби деңгейін арттырып, қазіргі заманғы медицинаның үздік тәжірибелерін енгізуге ықпал етті.