Университет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің грантын жеңіп алды
№2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының профессоры Ляззат Жамалиева командасымен бірге 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсына қатысып, жеңіске жетті. Конкурсты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды.
«Пресуицидтік көзқарас кешенді көрсеткіш және мониторинг объектісі ретінде: Қазақстандағы жастар мен жасөспірімдерді популяциялық зерттеу» жобасы 400 000 000 теңгеден астам грантқа ие болды. Бағдарлама мақсаты — пресуицидтік жағдайды талдап, қауіпті факторларын анықтауға және Қазақстандағы жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға ғылыми-ақпараттық қолдау көрсету үшін кешенді мониторинг әдістемесін әзірлеу.
Біз бұл жетістігімізбен мақтанамыз және жобаның нәтижелері ғылым мен медицинаның дамуына үлкен үлес қосатынына сенім білдіреміз!


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті