Стратегиялық маңызы зор сұхбат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Аna tili» газетіне берген «Мақсатым — экономиканы және егемендікті нығайту» атты көлемді сұхбаты жарияланды. Бұл сұхбат — өткен жылы еліміздің игілігі үшін атқарылған ауқымды жұмыстарды саралап, Жаңа жылға нақты бағыт-бағдар ұсынған маңызы зор оқиға. Президент Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жүйелі жұмыстарға терең талдау жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Стратегиялық маңызы зор сұхбатта өткен жыл еліміз үшін оңай болмағаны айтылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ынтымағы жарасқан халқымыздың бірлігі, ауызбіршілігі мен ұйымшылдығы арқасында кездескен қиындықтарды еңсергеніміз тілге тиек етілді. Халқымыздың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген даналығы тағы да дәлелін тапты.

Баршаға белгілі, еліміздің барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы басталып, бұл бастама халық тарапынан үлкен қолдау тапты. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев: …«Заң мен Тәртіп — мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты… Шын мәнінде, кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі…» — деп ерекше атап өтті.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының еліміздің жарқын болашағы үшін жүргізіп отырған сындарлы саясатына қолдау білдіреміз!