ТДМ аясында маңызды бағыттар

06.01.2025 ж Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қолдауға бағытталған бастама аясында патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының қызметкерлері қайта өңдеу үшін қағаз жинауда. Бұл қызмет (ТДМ) 12 «Жауапты тұтыну және өндіру» және 13 «Климаттық өзгерістерге күрес» қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Полигондарға жіберілетін қалдықтардың көлемін азайту, сонымен қатар кафедра қызметкерлері мен студенттері арасында экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында 2024 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында кафедра қызметкерлері мен студенттер пайдаланылған қағазды, ескі құжаттарды және басқа да қағаз өнімдерін тапсыратын қағаз қабылдау пункттерін ұйымдастырды.

Нәтижелер:

Жиналған макулатураның жалпы салмағы: 72 кг.

Қатысқандар саны: кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, техникалық қызметкерлер және студенттер.

«Джунусов» ЖК-не қайта өңдеуге жіберілді.

Жиналған макулатура Алматыдағы «Карина» мамандандырылған қағазды қайта өңдеу зауытына тапсырылады, бұл ресурстарды үнемдеуге және жаңа қағаз өндіруге байланысты көміртегі ізін азайтуға мүмкіндік береді.

72 кг қағазды қайта өңдеу келесі көрсеткіштерге мүмкіндік берді:

  • 1,2 ағашты сақтау.
  • Көмірқышқыл газының шығарындыларын 115,2 кг-ға азайту.
  • 1872 литр суды үнемдеу.

Бұл бастама тұрақты дамуға қол жеткізуге шағын әрекеттердің де үлкен үлес қоса алатынын көрсетеді. Кафедрада қағазды үзіліссіз жинауды жалғастыру, сондай-ақ макулатураны жүйелі түрде жинау жүйесін дамыту жоспарлануда.