Табиғатпен үндесіп өмір сүру

Әлемдік қауымдастық Тұрақты даму мақсаттарына үлкен көңіл бөлуде. 2025 жылдың 07ақпанында тілдер кафедрасының аға оқытушысы Г.Б.Алдашеваның ұйымдастыруымен «Бүгінгі таңдағы экология мәселелері. Табиғатпен үндесіп өмір сүруді қалай үйренеміз» атты тәрбие сағаты өтті. «Таза су және канализация» бағытына ерекше назар аударылды. Аталған іс-шара ТМД-ның 6 бағыты «Таза су және санитария» аясында өтті.

Шараның мақсаты – студенттердің табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру, экологиялық ой-өрісін дамыту.

Шараға «Медицина»факультеті1 курсының 101, 102 тобының студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты.

Тәрбие сағатының қонағы ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Телеуов А.Н. шақырылды. Баяндамашы табиғи тепе-теңдікті сақтауда әрбір адамның белсенді азаматтық ұстанымы маңызды рөл атқаратынын атап айтып, Ақтөбе облысында орын алған экологиялық құқық бұзушылықтарға мысалдар келтірді.

Шара соңында «Шешім ағашы»рефлексиясы ұйымдастырылып, қатысушылар су және басқа табиғи ресурстарды күту қажеттілігі бойынша өз ойларын ортаға салып, қорытындыларын тұжырымдады.