Құрмет галереясы университеттің үздік қызметкерлерінің виртуалды бейне галереясынан тұрады және Университеттің жетекшілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, әкімшілік-басқару, оқу-көмекші және басқа да персоналдар қатарынан қызметкерлерді моральдық көтермелеу нысанының бірі болып табылады. Құрмет галереясына енгізу үшін қызметкерлердің кандидатурасын қарауға негіз болып табылады:-өзінің лауазымдық міндеттерін мінсіз орындау;-еңбек және орындаушылық тәртіптік жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз ету;-қызметтік жұмыстарында университеттің имиджі мен рейтингін арттыратын маңызды нәтижелерге жету;-қызметкерлердің жоғары моральдық сапасы, университеттің қоғамдық өміріне, жастарды тәрбиелеу ісіне белсенді қатысу;-ведомстволық наградалармен, университет наградаларымен марапатталуған;-соңғы 3 жылда тәртіптік жазаға тартылмаған.Құрмет галереясына енгізу үшін кандидатураны ұсынудың негізгі өлшем шарттарына жатады:a) профессорлық-оқытушылар құрамы үшін:-білім, ғылыми-зерттеу, клиникалық, тәрбие қызметтері, қоғамдық жұмыстарын жетілдіруде жеке үлесі мен маңызды нәтижелері;-жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауда, халықаралық серіктестікті дамытуда жетістіктері;-есептік кезеңде кәсіби қызмет қорытындылары бойынша жоғары рейтингтің болуы.b) әкімшілік-басқару персоналы үшін:-қызметтік жұмыстардың жоғары нәтижелері;-басшылықтың алдына қойған міндеттерінің табысты орындаудағы жеке үлесі;-Университеттің, оның жеке бөлімшелерінің және Университеттің имиджі мен рейтингін арттыратын іс-шаралардың дамуына қосқан үлесі;-лауазымдық міндеттерін орындау кезінде іскерлік этика, бастамашылдық, шығармашылық тәсілдемелерді мүлтіксіз сақтау;-материалдық ресурстарды тиімді пайдалану үшін шаралар қолдану.c) білім беруді қолдау жөніндегі қызметкер үшін:-тапсырған жұмысты орындау кезінде бастамашылық, шығармашылық тәсілдемелер көрсету, еңбек міндеттерін орындауда адал қарау;-қызметкерлер мен білім алушылар тарапынан оң пікірлердің болуы.d) басқа да қызметкерлер үшін:-лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тапсырған іске, бастамашылыққа және шығармашылық тәсілдемелерге адал қарау;-басшылықтың алдына қойған міндеттерін орындауда жеке үлесі.Құрмет галереясына енгізу үшін кандидатураны қарастыру кезінде басымырақ болады:-есептік кезеңде білім, ғылым және денсаулық сақтау аясында мемлекеттік, салалық және қоғамдық наградалар және (немесе) бұрын Университет наградаларын алған қызметкерлер;-республикалық және халықаралық конкурстар, олимпиада, жарыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары.