«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-ның кафедра ассистенттері мен оқытушыларының бос лауазымдарына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-ның кафедра ассистенттері мен оқытушыларының бос лауазымдарына орналасуға хабарландыру

№ п/п Бос лауазымның атауы Мөлшерлеме саны Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар Функционалдық міндеттері
1. Интернатура және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының ассистенті  

6

1) Оқытушы (ассистент) лауазымына жоғары кәсіптік білімі бар, ғылыми-педагогикалық өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 1 жыл өтілі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай магистр академиялық дәрежесі бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін меңгеру сертификатының болуы құпталады.

2) Клиникалық кафедралар үшін оқытылатын пән бойынша маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаты болуы қажет, оқытылатын пән бейіні бойынша дәрігерлік санаттың болғаны құпталады.

Бекітілген жеке жоспарға сәйкес білім алушылармен оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, клиникалық (клиникалық кафедралар үшін) және тәрбие жұмыстарын орындайды. Педагогикалық және ғылыми процестердің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Студенттерді мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуды жүргізеді.

Білім алушыларда даярлаудың (мамандықтың) тиісті бағыты бойынша берік кәсіби білімді, іскерлікті және сапаны қалыптастырады.

Оқу сабақтарының кестесіне сәйкес білім алушылармен оқу сабақтарын өткізеді. Дәлелсіз себептермен сабақтың үзілуіне жол бермейді.

Дәрістерден басқа оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бір бағыты бойынша қатысады.

Профессордың, доценттің немесе аға оқытушының басшылығымен өткізілетін сабақтар мен оқу жұмыстарының түрлері бойынша әдістемелік құралдарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады. Студенттермен тәрбие жұмысына белсенді қатысады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқаруға және ұйымдастыруға, оқушылардың кәсіби бағдарлануына қатысады.

Кафедраның оқу зертханаларының материалдық-техникалық базасын, жабдықтарын жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

Оқу сабақтарын өткізу, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтарды орындау кезінде білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылайды.

Білім алушыларда оқу, арнайы, ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, өз бетінше эксперименттер жүргізуге және алынған нәтижелерді қорытындылауға үйретеді.

Кафедраның ғылыми зерттеу тақырыптары аясында семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық конференцияларға қатысады.

Оқытушының жеке жоспарының орындалуы туралы есеп береді.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

Өзінің кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін арттырумен жүйелі түрде айналысады.

Растау сертификатын ұсына отырып, ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттырады.

Кафедра бейіні бойынша оқу – әдістемелік, ғылыми-зерттеу, клиникалық (клиникалық кафедралар үшін) қызметті жетілдіру бойынша кафедра меңгерушісінің, деканның, проректорлардың, университеттің Басқарма Төрағасы-Ректорының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Академиялық адалдық саясатын, ПОҚ Ар-намыс кодексін сақтайды.

Университет Жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және университеттің басқа да нормативтік-құқықтық актілерін сақтайды.

2. Неврология кафедрасының ассистенті 1
3. №2 Акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті 1

 

4. Анестезиология және реанимация кафедрасының ассистенті 1
5. Онкология кафедрасының ассистенті 4
6. № 2 хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті 2
7. №2 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті 1
8. Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент кафедрасының оқытушысы 4
9. Отбасылық медицина кафедрасының ассистенті  

1,50

 

Отбасылық медицина кафедрасының ассистенті лауазымына «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар және/немесе ғылыми дәрежесі/атағы, магистр академиялық дәрежесі бар, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының болуымен жоғары кәсіптік (медициналық) білімі бар тұлға тағайындалады. Оқытушының жеке жұмыс жоспарына сәйкес оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.

Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуды жүргізеді.

Білім алушыларда даярлықтың тиісті бағыты бойынша берік кәсіби білімді, іскерлікті және сапаны, белсенді азаматтық ұстанымды, еңбекке қабілеттілікті және тұрақты өзін-өзі дамытуды қалыптастырады.

Оқу сабақтарын өткізу кезінде білім алушылардың сыни ойлауын дамытады.

Оқу сабақтарының кестесіне сәйкес білім алушылармен оқу сабақтарын өткізу. Дәлелсіз себептермен сабақтардың үзілуіне жол бермейді.

Кафедра жетекшісіне кестеде қарастырылған оқу сабақтарын өткізу мүмкін еместігі туралы алдын ала хабарлайды

Өзінің кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін арттырумен жүйелі түрде айналысады.

Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруі құпталады.

Кафедра жетекшісінің өкімдерін, тапсырмаларын орындайды.

Және т.б.

10. Әскери кафедра оқытушысы  

1

1) оқытушы лауазымына запастағы әскери қызметшілер(әскери қызметшілер) қатарынан жоғары білімі, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. Циклдегі оқу, әдістемелік, әскери-ғылыми, ғылыми – зерттеу, рационализаторлық және өнертапқыштық жұмыстарға басшылық жасайды, студенттермен сабақтарды, оқытушылармен нұсқаулық-әдістемелік және көрсету сабақтарын жеке өткізеді, ­циклде әзірленген оқу-әдістемелік құжаттаманы қарайды және бекітеді.

Студенттерден сынақтар мен емтихандарды қабылдауды ұйымдастырады және осы жұмысқа жеке қатысады.

Циклдің оқытушылық құрамы мен оқу-көмекші персоналының іскерлік, моральдық қасиеттерін білу, олардың жұмысына басшылық жасайды.

Студенттердің әскери дайындығын жоспарлауға қатысу және олармен жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде сабақтар өткізуді қамтамасыз етеді.

Сабақтар ­мен тәрбие жұмыстарын есепке алу журналдарын, студенттердің жеке карточкаларын жүргізеді, оларға аттестаттау парақтарын (мінездемелер) жасайды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскерлерінің (Күштерінің), әскери-оқу орындарының жауынгерлік даярлық тәжірибесін және әскери кафедралардың озық тәжірибесін зерделейді және оқу-тәрбие жұмысында пайдаланады.

Қару-жарақпен және әскери техникамен сабақтар мен жұмыстарды жүргізу кезінде студенттердің белгіленген қауіпсіздік шараларын орындауына пәрменді бақылауды жүзеге асырады.

Оқу-әдістемелік құжаттарды (жоспар-кестелер, құрылымдық-логикалық схемалар, ВУС бойынша сабақ кестесі) қарауға және бекітуге қатысады.

Оқу сыныптарындағы МОКИ және МАКИ интерактивті тақталардың, тирлердің, тренажерлардың техникалық жай-күйіне жауап береді.

Әдістемелік іс-шараларға, өндірістік кеңестерге қатысады.

Кафедраның әдістемелік жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарға қатысады.

Уәкілетті органдармен көзделген регламенттеуші нормативтік құжаттар мен іс-шараларды енгізуге жәрдемдеседі.

11. Инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы кафедрасының ассистенті  

1

1) Инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы кафедрасының ассистенті лауазымына жоғары кәсіби білімі бар, ғылыми-педагогикалық өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, магистр академиялық дәрежесі бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін меңгеру сертификатының болуы құпталады.

2) Клиникалық кафедралар үшін оқытылатын пән бойынша маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсатының болуы қажет, оқытылатын пән бейіні бойынша дәрігерлік санаттың болғаны құпталады.

Бекітілген жеке жоспарға сәйкес білім алушылармен оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, клиникалық (клиникалық кафедралар үшін) және тәрбие жұмыстарын орындайды. Педагогикалық және ғылыми процестердің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Студенттерді мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуды жүргізеді.

Білім алушыларда даярлаудың (мамандықтың) тиісті бағыты бойынша берік кәсіби білімді, іскерлікті және сапаны қалыптастырады.

Оқу сабақтарының кестесіне сәйкес білім алушылармен оқу сабақтарын өткізеді. Дәлелсіз себептермен сабақтың үзілуіне жол бермейді.

Дәрістерден басқа оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бір бағыты бойынша қатысады.

Профессордың, доценттің немесе аға оқытушының басшылығымен өткізілетін сабақтар мен оқу жұмыстарының түрлері бойынша әдістемелік құралдарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады. Студенттермен тәрбие жұмысына белсенді қатысады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқаруға және ұйымдастыруға, оқушылардың кәсіби бағдарлануына қатысады.

Кафедраның оқу зертханаларының материалдық-техникалық базасын, жабдықтарын жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

Оқу сабақтарын өткізу, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтарды орындау кезінде білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылайды.

Білім алушыларда оқу, арнайы, ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, өз бетінше эксперименттер жүргізуге және алынған нәтижелерді қорытындылауға үйретеді.

Кафедраның ғылыми зерттеу тақырыптары аясында семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық конференцияларға қатысады.

«Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ОКИА стационарында жалпы инфекциялық аурулары бар (ауа, ішек) науқастармен тікелей байланыста болған кезде зиянды еңбек жағдайларында клиникалық қызметті жүзеге асырады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • үміткердің мемлекеттік/орыс тіліндегі фотосуреті бар түйіндеме, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде;
  • өмірбаяны;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білім, академиялық немесе ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);
  • қайта даярлау туралы куәліктің және біліктілігін арттыру туралы куәліктің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);
  • маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
  • бар болған жағдайда кафедра бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
  • бар болған жағдайда ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғалым хатшы растайды);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
  • конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне қатысты қосымша ақпаратты, ғылыми жарияланымдардың тізімін, сертификаттарды, дипломдарды және т.б. ұсынуға құқылы.
  • университеттің штаттық қызметкерлері үшін құрылымдық бөлімше жетекшісінің сипаттамасы;
  • университеттің штаттық қызметкерлері болып табылмайтын ұміткерлер үшін соңғы жұмыс орнынан қызметкердің мінездемесі;
  • кафедра басшысы, факультет деканы және ғылыми бөлімше басшысы бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға үшін үміткер бөлімшенің перспективалық дамуы туралы эссе.
  • Қалың файл парақтары бар папка (20 парақ)

 

Жарияланған күні: 26 қазан 2021 ж.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде университеттің ресми интернет – сайтында ұсынылуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105-кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.edu.kz