Мұражайға саяхат

Халықаралық медицина факультетінің “Foundation” курсының тыңдаушылары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің тарихи мұражайына саяхат жасады.

Музей мұрасымен алғашқы танысу профессор Марат Оспановтың тарихымен басталып, университеттің құрылған уақытымен танысыа, шынайы құжаттар мен экспонаттарды көріп, университетте медициналық білім берудің даму тарихы туралы үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Сондай-ақ, атақты студенттер, түлектер туралы білді. БҚМУ түлектері мен профессорлары сыйлаған сирек кездесетін экспонаттарды үлкен қызығушылықпен қарап, қызықты сұрақтар қойды.