«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтің жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісініңі лауазымына жоғары кәсіби білімі, журналист немесе баспасөз хатшысы немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Қызмет жетекшісі:

  1. Ұйымның оң имиджін қалыптастыру және қолдау.
  2. Ақпараттық-рекламалық сипаттағы баспасөз конференцияларды, брифингтерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.
  3. Бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалардың, баспасөз релиздерінің мәтіндерін, оларға түсініктемелер мен түсіндірмелерді дайындауды және беруді жүзеге асыру.
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйым қызметіне қатысты сұрау салулары бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер дайындау.
  5. Ақпараттық материалдарды (мақалаларды, арнайы бағдарламалар мен басылымдарды) жасау және шығаруға қатысу.
  6. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұйым басшыларының сұхбаттарын, тікелей эфирлерін, сөз сөйлеулерін дайындау.
  7. Ұйымның қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық агенттіктердің материалдарын жедел жинауды және талдауды жүзеге асыру.
  8. Ұйым өкілдерінің қатысуымен ресми іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
  9. Ұйым қызметі туралы жарияланған мәліметтердің дұрыстығын тексеру. Түсіндіру хаттары мен теріске шығаруларды дайындау.
  10. Ұйымның ресми Интернет-ресурсында ақпаратты уақтылы жаңартуды жүзеге асыру.
  11. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен келіссөздер жүргізу.
  12. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі өкілдерімен жұмыс байланыстарын жолға қою.
  13. Іскерлік хат алмасуды жүргізу, телефон арқылы сөйлесулер жүргізу.
  14. Белгіленген техникалық құжаттаманы, есептерді жүргізу.
  15. Университеттің еңбек тәртібін сақтайды.
  16. Осы лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. Басқарма төрағасы –ректордың атына жазылған өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. Маман сертификаты/ клиникалық қызметке кафедраның бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы (клиникалық кафедралар үшін);
  6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университет жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектердің тізімін ғылыми хатшы растайды;
  7. № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
  8. Нысан бойынша психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтама;
  10. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
  12. Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер бөлім жетекшісінің мінездемесін қоса береді.
  13. Түйіндеме

Жарияланған күні: 10 қараша 2021 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25.

e-mail:hr@zkmu.edu.kz