Үндістан Республикасының күні
“Жалпы медицина” мамандығы 126 А, Б топтарының шетелдік студенттері Үндістан Республикасы күніне орай салтанатты шара өткізді.
Бұл шара өзге халықтардың мәдениетіне толерантты көзарас қалыптастырып, патриотизмге тәрбиелеу, халықтың мәдени мұрасын зерттеу, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі айқындауға қабілетті, өз халқының тарихы мен дәстүрлерін білетін көпмәдениетті тұлғаны дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Студенттер Үндістан күнін атап өтті, Қазақстан мен Үндістанның көрнекті орындары мен символдары, Қазіргі Қазақстан мен Үндістанның мәдениеті туралы баяндад. Іс-шара зияткерлік ойын түрінде өтті, онда студенттер өз елінің тарихы, географиясы және мәдениеті туралы ғана емес, сонымен қатар Қазақстан туралы білімдерін көрсетті.
Студенттер патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқыды. Ең белсенді қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар берілді.