Тарихы:
Кәсіби өсу орталығы (КӨО) «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ жеке құрылым бөлімі болып табылады және тікелей басқарма мүшесіне, клиникалық жұмыстар бойынша проректорға бағынады. Кәсіби өсу орталығы 2021 жылы қыркүйек айында екі бөлімнің қосылуы негізінде құрылды, бұрынғы жоғары оқу орнынан кейінгі Департамент құрамына кіретін: түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі және қосымша білім беру бөлімі.
Кәсіби өсу орталығының жетекшісі болып, фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының доценті Алмагамбетова Алтын Сатыбалдыевна тағайындалды.
Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі:
Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі 2021 жылы қыркүйек айында КӨО құрамына енді. Бұрын 2019 жылдың қырқүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін жоғары оқу орнынан кейінгі Департаментінің құрылымдық бөлімшесінде болды. ТЖО бөлімі студенттердің кәсіптік практикасы және түлектердің жұмысқа орналасуы сұрақтарымен айналысты.
Алғаш рет АММИ емдеу факультеті студенттерінің кәсіптік практикасы 1961 жылы құрылды. Құрылымдық бөлімшені құрудың мақсаты студенттердің жазғы практикасын Ақтөбе қаласының клиникалық базаларында ұйымдастыру. 2005 жылға дейін кәсіптік практика бөлімі бөлек құрылымдық бөлімше болды. Әр түрлі уақытта студенттік өндірістік практиканың жалпы университеттік жетекшілері А.Т.Турапин, Л.Г.Памурзин, Г.Б. Ахметгалиев болды. 2005 жылдан бастап, кәсіптік практика бөлімі Оқу-әдістемелік басқару академиясына, кейін университеттің ОӘО құрамына енді. Практика бөлімінің жетекшілері болып м.ғ.к. А.А.Бурхард (2004-2006жж.); м.ғ.к. С.Ю.Шиканова (2006-2008жж); м.ғ.к., доцент А.С.Алмагамбетова (2008ж. наурыз айынан осы уақытқа дейін). Кәсіптік практика бойынша әдіскерлер: 2005ж. сәуір айынан 2010 жылдың шілдесіне дейін – М.А.Арыкбаева, 2010 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қаңтарына дейін Ғ.А.Абишева, 2014 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін маман Л.Б.Абдикаликова.
2012 жылдың шілдесінен бөлім кәсіптік практика және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі болып қайта құрылды. 2012 жылдан ТЖО бөлімінің маманы болып Н.К. Урдагалиева, 2019ж. тамыз айынан А.С.Мухтасарова тағайындалды.
Университеттің қайта жасақталуына байланысты, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап, ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткішінің жоғары және сапасын жақсарту мақсатында, білім алушылардың кәсіптік практикасы сәйкесінше деканаттар құзырына берілді: бөлім түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі болып, кейін 2021 жылдың қыркүйек айынан университеттің Кәсіби өсу орталығы құрамына енді.
Қосымша білім бөлімі
Қосымша білім беру бөлімі, ертеректе Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті 2013 жылдан ЖОО кейінгі департаменті (жетекшісі – м.ғ.д. Р.Е.Нургалиева) құрамына кірді. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 06.04.1979 жылдың № 231 бұйрығымен Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті құрылды. 1979 жылдың қыркүйек айынан бастап терапия, педиатрия, хирургия, акушер-гинекология – студент дәрігерлер алғашқы кафедраларда оқи бастады.
Факультет еліміздің батыс аймағындағы мамандандырылған оқу және клиникалық бөлімшесі болып табылады, ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосымша білім беру мемлекеттік тұжырымдамасының негізінде дәрігерлер үшін қосымша білім беру процесін үйлестіреді.
Факультеттің негізгі мақсаты диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы технологияларымен оқыту, қайта даярлау және денсаулық сақтау мамандарын теориялық және практикалық даярлау болып табылады.
Факультеттің алғашқы деканы – м.ғ.д. Е.А.Сигида.(1979-1982ж.ж.). Факультеттің алғашқы кафедра меңгерушілері: доцент В.А. Гольдберг (терапия кафедрасы), доцент Н.Ф.Иванова (хирургия кафедрасы), доцент З.К.Ахунов (акушерлік және гинекология кафедрасы), доцент С.Х.Хамзин (педиатрия кафедрасы).
Кейінгі факультет декандары болған – доц. В.А. Гольдберг (1982-1993 жылдар), доцент Н.М.Шумбалов (1993-1996, 1999-2002); профессор Ж.Б.Досимов (1996-1998 жылдар), проф. С.Ф. Беркінбаев (1998-1999 жылдар), проф. Б.Қ. Жолдин (2002); профессор С.А. Сейтмағамбетова (2002 жылдан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін).
Университеттің қайта жасақталуына байланысты, 2021 жылдың қыркүйек айында қосымша білім беру бөлімі, ТЖО бөлімімен бірге, қайта құрылған Кәсіби өсу орталығының құрамына енді.
Кәсіби өсу орталығының құрылымы және оның құрамы:
КӨО жетекшісі – м.ғ.к. Алмагамбетова А.С.
КӨО мамандары:
Түлектерді жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша: Л.Б.Абдикаликова, Н.К.Урдагалиева, А.С.Мухтасарова
Практикалық денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім беру сұрақтары бойынша Г.Б.Кадирова, Ж.Х.Журмагамбетова.
Кәсіби өсу орталығының жетекшісі – Алмагамбетова Алтын Сатыбалдиевна – м.ғ.к, фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының доценті, жоғары санатты фтизиатр-дәрігер. 90-нан астам ғылыми басылымдардың, 4 авторлық куәліктің, әдістемелік нұсқаулардың авторы. Ол “Кәсіптік практика бойынша Ереже” (2009, 2014 ж.), «Марат Оспанов атындағы БҚММУ-да білім алушылардың кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бойынша Ереже» (Ақтөбе, 2015 ж.), “Практика туралы Ереже” (Ақтөбе, 2020 ж.), “Марат Оспанов атындағы БҚСУ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша Ереже” (Ақтөбе, 2020 ж.) жасақтады.
Алмагамбетова Алтын Сатыбалдықызы
Кәсіби өсу орталығының жетекшісі
КӨО қызметкерлері:
Абдикаликова Лаура Бекенқызы
маман
Урдагалиева Нұргүл Қайратқызы
маман
Мухтасарова Айнур Саматовна
Маман
Кадирова Гульсара Бакиткалиевна
Маман
Журмагамбетова Жанна Хазизовна
Специалист
Мақсаты:
Кәсіби өсу орталығының мақсаты: Университеттің бакалвриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура түлектерін жұмысқа бөлу бойынша іс шаралар өткізу, практикалық денсаулық сақтау мамандарына (біліктілікті жетілдіру циклдарын және сертификаттық курстар) қосымша білім беруді ұйымдастыру.
КӨО негізгі міндеттері:
* бітірушілердің жұмысқа бөлінуін және жұмыспен қамтылуын мониторингілеу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру
* университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша іскери серіктестермен, жұмыс берушілермен қарым-қатынасты ұйымдастыру
*түлектер бойынша мәліметтер қорын қалыптастыру
* Батыс Қазақстанның 5 облысы бойынша Облыстық денсаулық сақтау Басқармаларынан мамандарға қажеттілік туралы ақпарат жинау
* университеттің түлектерін алдын ала және қорытынды жұмысқа бөлу үрдісін ұйымдастыру және өткізу
* түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингілеу
* жас мамандардың 1-3 жыл ішінде бөлінген жұмыс орнында бекітілуін мониторингілеу * жұмыс берушілер мен түлектердің арасында сауалнама жүргізу
* жас мамандардың карералық өсуіне талдау жасау
* практикалық денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім беруді ұйымдастыру және өткізу
* БЖ бойынша жаңа сертификаттық курстармен және би ресми білім бағдарламасын жасақтау.
* тәжірибелі оқытушылық құрамды тарта отырып, жылжымалы БЖ циклдарын өткізу.
* ҚББ бағдарламаларын ҚР ДСМ білім беру бағдарламасының каталогына енгізу
Жетістіктері:
Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі (қазірде Кәсібу өсу орталығы) жасақтады:
* түлектер үшін ұсынылған жұмыс жағдайының сапасына қанағаттануы бойынша сауалнама
* жұмыс берушілер үшін түлектердің дайындық сапасына қанағаттануын бағалау бойынша сауалнама
* тыңдаушылар үшін БЖ/СК циклдары бойынша оқу сапасына қанағаттану бойынша сауалнама
* «Кәсіптік практика бойынша ереже» (2009, 2014 жж.) мен «М.Оспанов атындағы БҚММУ-да білім алушылардың кәсіптік практикасы бойынша және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі ережесі» (Ақтөбе, 2015ж., 2018ж.), “Практика туралы Ереже” (Ақтөбе, 2020 ж.), “Марат Оспанов атындағы БҚСУ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша Ереже” (Ақтөбе, 2020 ж.) «Кәсіби өсу орталығының ережесі» (Ақтөбе, 2021ж.), «М.Оспанов атындағы БҚММУ» КеАҚ «ҚББ бағдарламасын жасақтау бойынша әдістемелік ұсыныстар» (Ақтөбе, 2022ж.) жасақталды.
Университетте практика және одан әрі қарай түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша клиникалық базаларының кеңейтілген желісі бар (Батыс Қазақстанның 5 облысының және Қостанай облысының облыстық және аудандық орталықтарында 106 клиникалық база).
Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингін сапалы жүргізу мақсатында Батыс Қазақстанның 5 облыстық Денсаулық сақтау басқармаларынан мамандарға қажеттілілік, түлектердің жұмыс орнына жетуі және орналасуы туралы ақпарат жинақталады, түлектер мен жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізіледі. Жыл сайын Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, жергілікті атқарушы органдардың және өзге мекемелердің қатысуымен жас мамандардың алдын ала және қорытынды жұмысқа бөлінуі (бос орындар жәрмеңкесі) өтеді.
Жас мамандарды алдын ала және қорытынды жұмысқа бөлу (“Бос орындар жәрмеңкесі”)
Бітіруші түлектермен жұмысқа орналасу сұрақтары, ауылдық квотамен оқыған түлектердің өз ауылдарына барып жұмыс атқаруының қажеттілігі, резидентура мен магистратураға, докторантураға түсу шарттары аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Университет түлектерінің жұмысқа орналасу мониторингі жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді.
Қосымша білім беру үшін университеттің кафедрадағы тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамы (профессорлар, доценттер), клиникалық базалардан жоғары дәрежелі мамандар тартылады. Клиникалық кафедра қызметкерлерінің 80% -ы жоғары және бірінші дәрежелі мамандар.ДБЖФ және ҚББ бөлімінің жұмыстары барысында, 40 000-нан астам дәрігерлер мен 3000 орта медицина қызметкерлері білім жетілдірді.КӨО дипломнан кейінгі қосымша білім беру ұйымында практикалық денсаулық сақтауда талап ететін жағдайларға байланысты әр түрлі деңгейдегі мамандарды даярлайды. Жыл сайын әр түрлі мамандықтар бойынша біліктілікті жетілдіру үшін жаңа білім беру бағдарламалары көбейтіліп отырады.
КӨО-да дәрігерлерді оқыту мына мамандықтар бойынша: терапия, кардиология, алғашқы жедел медициналық көмек, хирургия, эндовидеохирургия, акушерлік және гинекология, педиатрия, неонатология, фтизиатрия, неврология, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, жалпы дәрігерлік тәжірибе (отбасылық дәрігер), рентгенология және УД зерттеу, анестезиология және реанимация, психиатрия, сот медицинасы, онкология, инфекциялық аурулар, лабораториялық зерттеу, патанатомия, профпатология, фармация, стоматология, бактериология, травматология, эпидемиология, урология, оториноларингология, офтальмология жүргізіледі. 2010 жылдан бастап алғаш рет бет-жақ хирургиясы, наркология, дерматовенерология бойынша БЖ циклдары өткізіле бастады. ДСФ профессор-оқытушылық құрамы ғылыми жұмыстарға белсенді араласты: симпозиумдарға, конференфияларға, конгрестер мен баяндамаларға қатысты.ДСФ қызметкерлерімен – 2 докторлық, 11 кандидаттық диссертация, 9 монография, 22 әдістемелік нұсқаулықтар, 1000-нан астам статьялар мен тезистер жарияланды.
Қазіргі таңда университет қызметкерлері барлық Батыс Қазақстан бойынша емдеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізуде.Соңғы жылдарда клиникалық кафедралар (акушерлік/гинекология, педиатрия, неонатология, анестезиология, терапия) ана мен бала өлімін азайту сұрақтарына басым назар аударуда. Теледидар мен радиолардан бала күтімі мен тууға қатысты жаңаша енгізулер бойынша циклдар, семинарлар, конференциялар өткізілуде.М.Оспанов атындағы БҚМУ МО – да ҚР батыс аймақтарына жоғары білікті кардиохирургиялық көмек көрсетіледі. 2020-2021жж. инфекциялық аурулар, фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының прфессор-оқытушылық құрамы COVID-19 ауруларға кеңес және емдік көмек көрсетті. COVID-19 емдеу және клиникалық хаттамаларын зерттеу мақсатында тренингтер, семинарлар өткізіледі. Қосымша білім беруде үнемі кафедраның материалдық-техникалық оқу үрдісі жақсартылып отырылады.
КӨО облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Кызылорда) тығыз жұмыс жасайды. Осы аймақ мамандарының біліктілігін жетілдіру сұрақтары біріге отырып шешіледі. Осы тығыз жұмыстардың нәтижесінде университет аймақтардан өз қызметкерлерінің жұмысы жайында үздіксіз оң баға алып отырады.
Кәсіби өсу орталығына қош келдініз, мекен жайымыз: бас ғимарат, 6 қабат, 601, 605, 606 кабинеттер; телефондары 8 7172 56 74 18; 8 7172 56 02 18.