Басшылық
Неврология кафедрасыныңжетекшісім.ғ.к., Айгүл Пазылбекқызы Ермағамбетова кафедрада 2007 жылдан бастап жұмыс жасайды. Ермағамбетова A.П. 1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітіріп, кейіннен практикалық денсаулық сақтауда невропатолог болып жұмыс істеді. 2000 жылы неврология бойынша клиникалық ординатураны тәмамдаған. 2007 жылдан дәрігерлердің білімін жетілдіру факультетінің неврология кафедрасының ассистенті. 2010 жылдың мамыр айында м.ғ.д, профессор Г.Б. Қабдрахманованың жетекшілігімен 14.00.13 – жүйке аурулары мамандығы бойынша “Ақтөбе облысының мұнай – газ аймақтарында экологиялық тапшылық жағдайында тұратын халықтың неврологиялық көріністері мен тотығу метаболизмінің клиникасы” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2022 жылы “Денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісіменмарапатталды.
Кадрлық құрам
Қабдрахманова Гүлнар Баяновна -кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы.
Хамидулла Алима Абаевна-кафедра доценті, PhD.
Утегенова Айгерим Беркиновна-кафедра ассистенті, PhD.
Урашева Жанылсын Урумбасаровна-кафедра ассистенті, PhD.
Құрылу тарихы
Жүйке аурулары кафедрасы 1961 жылы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі м.ғ. к., доцент Анатолий Яковлевич Шияневский болды. Балалар невропатологиясы курсын доцент А.И. Давыдова басқарды. Кафедраны меңгеру кезеңінде профессор А.Я. Шияневский басшылығымен медицина ғылымдарының кандидаттары дайындалды: А.И Давыдова, А.С. Алешина, Н.А. Яковлев. Студенттердің невропатологияны игеруге дайындығын күшейту үшін материалдық және оқу-әдістемелік база құрылды. 1977 жылдан 1996 жылға дейін жүйке аурулары кафедрасын профессор Николай Алексеевич Яковлев басқарды. Профессор Н. А. Яковлевтің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты хромдық интоксикацияның жүйке жүйесіне әсерін зерттеу болды. Кафедрада үлкен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізілді, бірқатар әдістемелік әзірлемелер типографиялық тәсілмен басылды. Профессордың жетекшілігімен кафедра ассистенты Т.А. Слюсарь 1 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғады. Профессор Н.А. Яковлев рефлексотерапевт-дәрігерлерді даярлау үшін база құрып, профессордың авторлығымен 8 монография жарық көрді.
Мақсаты
Неврология кафедрасы жұмысының мақсаты жүйке жүйесінің жіті және созылмалы аурулары кезінде жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін білім алушылардың білімі мен дағдыларын қалыптастыру және тереңдету болып табылады.
Қызметі
Неврология кафедрасында “Жалпы дәрігерлік практика” бағытының 6 курс интерндері оқиды. Кафедрада 2014 жылдан бастап “Ересектер, балалар неврологиясы” мамандығы бойынша екі жылдық резидентура енгізілді. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында резидентура бітірген 70-тен астам түлектер жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда кафедрада 51 резидент оқиды.
Неврология кафедрасының қызметкерлері кафедра базасында ғана емес, сонымен қатар өңірлерге барып, Қазақстанның батыс аймақтарында невролог-дәрігерлері үшін заманауи клиникалық неврологияның өзекті мәселелері бойынша біліктілікті арттыру циклдарын, оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптарын өткізеді.
Неврология кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары белсеңді жүргізілуде. 2019 жылдан бастап “Ми инфарктісі бар науқастарда нейроспецификалық маркерлердің және ми зақымдануының эндотелий дисфункциясының патогенетикалық рөлі” тақырыбында ғылыми-техникалық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде, оның шеңберінде PhD Урашева Жаңылсын Урымбасарқызының “Ми инфарктісі кезіндегі гематоэнцефалдық барьердің зақымдануының нейроспецификалық маркерлері”тақырыбындағы диссертациясы бойынша жұмыс жалғасуда. Ғылыми жетекшісі: кафедра доценті, PhD Хамидула Алима Абаевна.
Резиденттер ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде ат салысып, халықаралық және өңірлік деңгейдегі конференцияларда, сондай-ақ мерзімді ғылыми басылымдарда нәтижелерін ұсынады. Қазіргі уақытта кафедра доценті, PhD Хамидулла Алима Абаевнаның жетекшілігімен “Ауыл тұрғындарында инсульт дамуының негізгі қауіп факторларын талдау” жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.
Неврология кафедрасы жыл сайын қазан айында “Клиникалық неврология: диагностика мен емдеудегі инновациялар”атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Неврология кафедрасының қызметкерлері клиникалық жұмыстарды белсенді жүргізеді. Кафедра доценті, PhD Хамидулла А. А. шашыранды склероз кабинетін ұйымдастырды, оның негізгі мақсаты – шашыранды склероздың уақтылы диагностикасы, емдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып пациенттерді басқару. Кафедра ассистенті, PhD Утегенова А.Б. нейродегенеративті аурулармен ауыратын науқастармен жұмысты жалғастырады, диагнозды нақтылау және емдеуді түзету мақсатында консультациялар жүргізеді.
Неврология кафедрасының қызметкерлері халықаралық және аймақтық конференцияларда белсенді баяндама жасайды, Польша, Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Ресей ғалымдарымен ынтымақтасады.
Неврология кафедрасының оқытушылары ағылшын тілін еркін меңгерген, IELTS 5,0-6,5 деңгейіндегі сертификаттары бар.
Жетістіктер
2007 жылы неврология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Гүлнар Баяновна Қабдрахманованың бастамасымен жедел медициналық жәрдем ауруханасының (БСМП) базасында нейроваскулярлық бөлімше ұйымдастырылды. 2010 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда алғаш рет ишемиялық инсультті емдеудің инновациялық әдісі-тромболитикалық терапия енгізілді. 2017 жылғы қаңтарда Батыс Қазақстан невролог-дәрігерлерінің қауымдастығы ұйымдастырылып, ресми тіркелді, оның төрағасы болып 2017 жылғы маусымда профессор Г. Б. Қабдрахманова сайланды. Қауымдастық мүшелері “Neuroscience” қазақстандық ұлттық неврологтар қауымдастығының және Дүниежүзілік инсульт ұйымының (WSO) құрамына кірді. Проф. Г.Б Кабдрахманова 2019 жылдан бастап денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу үшін ұсыныстар әзірлеу және жүргізу бойынша тақырыптық жұмыс тобының мүшесі болып табылады.
Неврология кафедрасында 6 магистрлік диссертация қорғалды. 2018 жылдың мамырында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін А.А. Хамидулла “Шашыранды склероздың клиникалық-иммунологиялық сипаттамасы” тақырыбында диссертацияны қорғап шықты. Диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшілері: профессор Г.Б. Кабдрахманова., доцент А.П. Ермагамбетова, профессор Славомир Михалак (Познань медицина ғылымдары университеті, Польша).
2018-2021 жылдар аралығында А. П. Ермагамбетованың “Клиникалық ұқсас аурулармен дифференциалды диагностика алгоритмін әзірлеу мақсатында нейродегенеративті аурулары бар пациенттердің терісінің биоптатында патологиялық ақуыздардың құрамын анықтау” тақырыбында университет ішіндегі ғылыми-техникалық жоба басқарды, оның шеңберінде мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіналуға Утегенова Айгерим Беркиновнаның “6D110100-Медицина” мамандығында “Пациенттердің терісінің биоптатында фосфорланған альфа-синуклеинді анықтау арқылы Паркинсон ауруының ерте диагностикасын жетілдіру” тақырыбында диссертациясы қорғалды.
Байланыс:
Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесі, көпсалалы облыстық аурухана, әкімшілік корпус, 3-кабинет, 2-қабат, эл.пошта: neurology@zkmu.kz, Instagram: zkmu_neurology