«Визитинг-профессор» іс жүзінде
“Визитинг-профессор” бағдарламасы аясында неврология кафедрасының профессоры, Башқұрт мемлекеттік медицина университеті клиникасының неврология, оңалту медицинасы және ботулинотерапия орталығының жетекшісі Ахмадеева Лейла Ринатовна жұмыс істейді.
Сапар барысында профессор Л. Р. Ахмадеева резидент-неврологтармен заманауи клиникалық неврологияның өзекті тақырыптарына арналған дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді, олар: ауырсыну мәселесі, ми инсульттерінің сирек түрлері, жүйке-бұлшық ет аурулары. Сабақтар барысында клиникалық талдау жүргізілді, резиденттер өз бетінше презентациялар мен баяндамаларды дайындады, орыс және ағылшын тілдерінде қазіргі мәліметтер базасынан ақпарат іздеді. Практикалық сабақтардың тақырыптарын талқылау білім алушылардың қызығушылығын және белсенді кері байланысын тудырды.
2020 жылдың 30 қаңтарында профессор Л. Р. Ахмадеева Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының невролог-дәрігерлеріне және жалпы практика дәрігерлеріне арналған “Исульттен кейінгі бұлшық ет спастикасы мен ботулинотерапияны бағалауға арналған клиникалық құралдар” тақырыбында мастер-класс өткізді. Мастер-класс инсульт алған науқастарда қолдағы спастика кезінде ерте оңалту мәселесіне арналды. Профессор Л. Р. Ахмадеева әріптестерімен қазіргі заманғы әдеби мәліметтермен бөлісті, сондай-ақ өз тәжірибесінен алынған материалдар мен клиникалық мысалдар ұсынды.
Сапар барысында профессор Л. Р. Ахмадеева неврология кафедрасының оқытушылары мен докторантымен жұмыс істеуге көп уақыт бөлді. Ғылыми зерттеулердің жоспары мен дизайнын жасау, ғылыми жұмыстар, дәрістер мен сабақтарды дайындау, ағылшын тіліндегі деректер базасымен жұмыс жасау мәселелері талқыланды.
2020 жылдың 06-ші ақпанында визитинг-профессор химиялық технология және металлургия университетінің қауымдастырылған профессоры (София, Болгария), аналитикалық химия кафедрасының жетекшісі Андриана Сурлевамен бірге М. Оспанов атындағы БҚМУ-нің оқытушылары, докторанттары және магистранттары үшін “Референттік журналдарда мақалаларды жариялау және халықаралық конгрестер үшін абстрактілерді дайындау” тақырыбында мастер-класс өткізді. Мастер-класс тақырыбы қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудырды. Мастер-класс соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.