Парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтан құтылу жолдары талқыланды

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық ақпараттық-ағарту штабының басшысы Ырза Тұрсынзада және осы агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин келді.

Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет штабын таныстыра отырып, олар медицина университетінің студенттерімен кездесіп, ұсыныстарын тыңдап, жастармен парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты жою жолдарын талқылады.

Қоғам рухани дамуы тиіс. Пара алу немесе беру алдында, әр адам қатты ойлану қажет, бұл жайында бүгінде студенттерге, көптеген мысалдар мен дәлелдер келтіріліп, жеткізілді. Әрбір адам елінің және өздерінің болашағы үшін сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік позицияға ие болуы қажет.

Сондай-ақ, қонақтар адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістеріне деген сенімі өсіп келе жатқанын, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты белсенді енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, студенттерге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін тұрғындар пара сомасының 10 пайызын алатындығын еске салды. Ең жоғары сыйақы он миллион теңгеден асады.