Ынтымақтастық перспективалары

«Visiting Professor» бағдарламасын іске асыру барысында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасына Башкерия мемлекеттік медицина университетінің (Ресей) №2 госпитальды терапия кафедрасының меңгерушісі, профессор Бакиров Булат Ахатович шақырылды.

Біздің университеттер ұзақ жылдар бойы серіктестік қарым-қатынаста. Визитинг-профессор екі аптаға клиникалық тәжірибе алмасу, 6-7 курс интерндеріне дәріс оқу, «Клиникалық зерттеулерді қалай ұйымдастыру керек» тақырыбында мастер-класс өткізгелі келді.

Университеттің профессорлы-оқытушылық құрамы теориялық тұрғыда да, тәжірибелік тұрғыда да тәжірибе алмасу мүмкіндігін алады. Университет клиникаларын (медициналық орталық, отбасылық медицина клиникасы) болашақ клиникалық зерттеу жүргізу жоспарын талқылау барысында кездесу ұйымдастыру жоспарлануда. Ақтөбе қаласының тұрғындары жоғары санатты маманнан гематология саласында мәлімет алу мүмкіндігіне ие болады.

Профессордың келуінен кейін докторанттардың бірлескен жарияланымдары мен ғылыми жетекшіліктері жоспарланған.