Ақтөбе-Ташкент-Ақтөбе

Марат Оспанов атындағы БҚМУ химиялық пәндер кафедрасының жетекшісі, б.ғ.к., доцент Гумарова Ж. Ж. “Visiting Professor” академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ташкент медициналық академиясына барып қайтты.

Жұмыс бағдарламасы аясында доцент Ж. Ж. Гумарова ТМА студенттеріне медициналық химия бойынша дәрістер циклін оқып, практикалық сабақтар өткізді, кафедра профессорлары мен доценттерінің медициналық химия бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтарына қатысты. 

Медициналық және биологиялық химия кафедрасының жетекшісі б.ғ. д., доцент Кульманова М. У. және м.ғ.д., профессор Собирова Р.А. бірге ПОҚ академиялық ұтқырлығын кеңейту мақсатында пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер қарастырылды. 

Сапар барысында ТМА-ның кредиттік оқыту жүйесіне көшуіне байланысты, доцент Ж. Ж. Гумарова әріптестермен кафедрада және Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да оқытудың кредиттік технологиясын енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті.