«ПМҒУ эксперттерінің бесінші сапары»
Марат Оспанов атындағы БҚМУ Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі қаржыландыратын «Медицинадағы білім беру жүйесін жетілдіру бойынша кеңес беру қызметтері» №SHIP -2.3/CS-02 – білім беру бағдарламаларын, оның ішінде «Онкология: Онкологиялық зертханалық диагностика» және «Клиникалық фармакология» жетілдіру саласындағы стратегиялық серіктестік бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Познань Медицина ғылымдары университетімен жасалған Келісімшартты жүзеге асыруға қатысады.
Осы Келісімшарт аясында стратегиялық серіктес сарапшылары профессорлар Jaroslaw Walkowiak және профессор Maciej Krawczynski Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ға 1С.4) «Ғылыми жобаларды әзірлеу және бірлесіп жүзеге асыру» мақсатын жүзеге асыруға келді.
17-21 ақпан аралығында зерттеушілермен өткізіліп жатқан жобаларды талқылау, жаңа бірлескен жобаларды қарастыру және жоспарлау бойынша кездесулер өткізілді. Сарапшылар зерттеушілерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын сәтті жалғастыру үшін пайдалы кеңестер берді.
Әрбір зерттеушімен нақты тақырыптар бойынша жеке кездесулер мен кеңестер өткізіліп жатыр.