Қымбатты ханымдар, сұлу арулар!

Марат Оспанов атындағы БҚМУ – дың барлық ер-азаматтары атынан және өз атымнан Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға және біздің университеттің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесіңіз үшін, ғылымдағы, қаржы және кадр жұмысы саласындағы, педагогикалық қызметтегі, оқудағы, шығармашылықтағы, спорттағы жетістіктеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.

Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.

8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын.  Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасарып, ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.

Құрметпен, Басқарма төрағасы – Ректор Мұрат Телеуов