Жетекшісі: Шалгинбаев Ерлан Жоламанович.
Байланыс телефоны: 87014168714
Мақсаты: спорттық жарыстардағы мүмкін болатын ең жоғары нәтиже немесе жеңіс.
Университетте барлық факультеттерден 435 студент спорттың18түрімен (олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерімен) айналысады.Волейбол, баскетбол, шағын-футбол, шаңғы жарысы, Армрестлинг и гір спорты, шахмат, черлидинг , настольный теннис, таэквон-до, греко-рим күресі, еркін күрес, бокс, казакша курес, самбо и дзюдо, тоғыз құмалақ. Университетіміздің студенттері Қазақстан Республикасының Х жазғы Универсиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болып, Қазақстан Республикасының 66 ЖОО арасында командалық есепте 9-орынға ие болды. Спортты дамытуға университет тарапынан қаржы бөлініп, «Жастар Арена» спорт кешені салынды. Бұл кешенде студенттерге барлық жағдай жасалған. Университетте спортты дамыту үшін жаттықтырушылар тұрақты түрде студенттер арасында жарыстар ұйымдастырып, қалалық, облыстық, халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, университет спортының жоғары деңгейін ұстап тұрады.
«Сұңқар» спорт клубы