Патологиялық физиология кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Патологиялық физиология кафедрасы

Жексенова Ажар Николаевна 

2015 жылдан бастап патологиялық физиология кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты.1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін үздік бітірді. Патофизиология кафедрасының ассистенті болып қалды. Еңбек жолында конкурс арқылы өтіп, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра жетекшісі қызметтерін лайықты атқарды.

2010 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 80-нен астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы, 6 оқу құралының авторы және бірлескен авторы. Жарияланымдар: 9 (Scopus), Хирш индексі 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жөніндегі ғылыми-техникалық жобасының басшысы (2018-2020 жж.) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-техникалық жобасының жетекші ғылыми қызметкері (2021); 4 студенттік ғылыми-техникалық университетішілік жобаның жетекшісі (2016-2017; 2022-2023 жж.). 6 магистр дайындады. Марапаттары – ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың «Алғыс» (2013); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін»(2019), «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2022), «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері (2023), «Марат Оспанов атындағы ЗҚМУ» КеАҚ «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен (2022) ; «Үздік теориялық кафедра оқытушысы» номинациясы бойынша 1 дәрежелі диплом (2023 ж.).

Кадрлық құрамы:

Мукышова Гулбану Демекбаевна, медицина ғылымдарының магистрі, кафедра доценті

Кандыгулова Гульнара Жулдыкаировна, м.ғ.к., кафедраның аға оқытушысы

Жылкыбекова Алия Калиевна, PhD докторант

Алиева Лида Музапаровна, м.ғ. магистрі, кафедраның аға оқытушысы

Егизбаева Дина Кожабаевна, м.ғ. магистрі, кафедраның аға оқытушысы

Ахметова Улдай Жаксыбаевна м.ғ. магистрі, кафедраның аға оқытушысы

Нүрсейтова Тотыгүл Хайроллақызы м.ғ. магистрі, кафедраның оқытушысы

Нурымова Гульнар Кентаевна, кафедраның оқытушысы

Ауезова Даригуль Сайыновна, кафедраның оқытушысы

Шорина Гулнар Жакеновна, офис-менеджер

Мақсаты

Білім беру бағдарламаларына сәйкес, студенттермен және резиденттермен оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

Магистратура және докторантура аясында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, сондай-ақ оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтарын өткізу арқылы олардың біліктілігін арттыру.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау және жүргізу, сондай-ақ университетішілік, республикалық және халықаралық ғылыми жобалар шеңберінде, кафедра қызметінің негізгі ғылыми бағыттары бойынша алынған нәтижелерді енгізу.

Оқу процесін жетілдіру және жаңа ғылыми білімдерді жинақтау бойынша жұмыс.

Оқу процесіне инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, жұмыс берушілермен және білім беру және денсаулық сақтау органдарымен сыртқы байланыстарды дамыту.

Құрылу тарихы

Кафедраның негізін қалаушы 1959-1977 жылдар аралығында кафедраны басқарған профессор, медицина ғылымдарының докторы – Маманова Халида Есенғұлқызы. 1959 жылы тамызда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының патофизиология кафедрасын ұйымдастыруды м.ғ.к. Маманова Халиде Есенгуловнаға тапсырды. Жүргізілген ғылыми жұмыстардың негізінде мына жұмыстар қорғалды: докторлық диссертация – Маманова Х.Е. «Изогемагглютининдер және гетеромагглютининдер адам және жануарлар организмінің реактивтілігінің спецификалық емес факторлары ретінде» (1968), кандидаттық диссертациялар: Қ.У. Қасенов (1968), В.И. Константинов (197 1), Ж.С. Сүндетов (1973), У.И. Есқазиева (1975), Т.Б. Бегалин (1977), Ю.И. Будчанов (1982).

Профессор, м.ғ.д. Касенов Кожантай Уразович (1977 -1999). Оның жетекшілігімен жылан уларының организмнің иммунологиялық реактивтілігіне әсері туралы зерттеулер жүргізілді. 1999 жылдан бастап кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Омарова Куляш Примжановна басқарды. Кафедра ардагерлері: медицина ғылымдарының кандидаты, кафедра профессоры Исказиева Улболсын Ишматовна м.ғ.д., профессор Х.Е.Маманованың жетекшілігімен кафедра ассистенті қызметін атқара бастады. Сундетов Жолдыкаир Сундетович – тәжірибелі оқытушы, экспериментатор, кафедрада жұмыс істеген кезеңде 100-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді.

Патологиялық физиология кафедрасының негізгі қызметі: ғылыми, оқу және тәрбиелік, барлық мамандықтар бойынша сабақтар мен дәрістерді 3 тілде жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта кафедрада 2 ғылым кандидаты, 1 PhD докторанты (оқу мерзімі 3 жыл), 5 медицина магистрі жұмыс істейді. Профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын өз мамандығы, оқытудың инновациялық әдістері, шет тілдерін меңгеру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Жетістіктері

Кафедра оқытушылары қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, дәрістер мен практикалық сабақтарға арналған ақпараттық-дидактикалық материалдарды үнемі жетілдіріп, жаңартып отырады, кафедраның оқу қызметін арттыру аясында өздерінің кәсіби деңгейін жоғарылатады. Соңғы жылдары кафедра университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Кафедра қызметкерлері оффлайн режимінде (Жылқыбекова А.К., 2019 ж.) және онлайн (2020 ж. Алиева Л.М.) «Ахунбаева И.К. атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының» студенттерімен ағылшын тілінде патофизиология бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізді. Кафедра алыс және жақын шетелдердің медициналық университеттерімен білім және ғылым саласында белсенді ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасайды. Олардың ішінде: И.М.Сеченов атындағы І-ші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, Пирогов атындағы Ресей ұлттық медицина университеті, В.И.Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті.

Кафедра ұйымдастыруымен өткізілді: 2018-2019 оқу жылында патологиялық физиология кафедрасының негізін қалаушы және Ұлы Отан соғысының қатысушысының 101 жылдығына арналған «Шекарасыз білім және ғылым: іргелі және қолданбалы зерттеулер» халықаралық қатысумен конференция. медицина ғалымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Х.Е. Маманова», 2021-2022 жылдары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65 жылдығына арналған «Патофизиология кілті» халықаралық студенттік олимпиадасы; 2021 жылы Патологиялық физиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д., Қасенов Қожантай Оразұлын еске алу және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Демографиялық ауысу және қартаюдың биохимиялық және патофизиологиялық аспектілеріндегі мәселелері» атты халықаралық қатысымдағы кафедрааралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы; 2022-2023 оқу жылында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65-жылдығына арналған және бейбітшілік пен даму үшін Бүкіләлемдік ғылым күніне арналған «Инновация арқылы ғылымға қадам және тәжірибеге енгізу» атты халықаралық қатысымдағы студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

Байланыс

Ақтөбе қ. Маресьева көшесі, 68, №2 оқу ғимараты, 3 қабат, сол қанат.

Электрондық почта: pathophys2021@zkmu.kz

Жұмыс телефоны: 564691