Марат Оспанов: Ұстаз, Саясаткер, Ғалым

2020 жылдың 29 сәуірі күні «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік Бағдарламасының және Қазақстан Республикасының бірінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің тұңғыш Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 70 жылдық мерейтойына орай Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының және Ақтөбе қаласының №2 мектеп-гимназиясының ұжымымдары бірлесіп«Марат Оспанов Ұстаз, Саясаткер, Ғалым» атты ғылыми-танымдық іс-шараны жүзеге асырды.

Аталмыш шара бастапқыда кафедра ұжымы Марат Тұрдыбекұлының білім алған мектебінде кездесу түрінде өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, елімізде бүгінгі таңда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бұл жоспар онлайн режимге ауыстырылды.

Кездесу кафедра жанында тұрақты жұмыс жасайтын «Зерде» қоғамдық пікірсайыс клубының құрметті төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанұлы Тайжановтың М.Оспановтың өмірлік жолы мен еліміздің қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесі туралы алғысөзімен ашылды. Мұнан соң кафедраның аға оқытушысы Б.А.Молдин танымал қоғам қайраткерінің 70 жылдық мерейтойына арналып университетімізде 2019 жылдың 28 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өткізілген істер барысын баяндады. Ал аға оқытушы Б.И. Шәмші болса ғалымның еңбектеріндегі саяси, экономикалық, әлеуметтік болжамдарына жан-жақты талдау жасаса, аға оқытушы С.С. Күміспаев танымал ғалымның басты еңбектерінің бүгінгі маңыздылығына тоқталды.

Онлайн-сұхбаттасу барысында Марат Тұрдыбекұлының жұбайы, бүгінгі таңда оның есіміндегі Қоғамдық Қорды басқарып отырған Бақыт Оспанова қайраткердің жеке өмірінің кей жақтары туралы әңгімелеп, қатынасушылардың сұрақтарына жауап берді. Ол өзінің жарының тек жеке басының қасиеттерімен ғана шектелмей, саясаттағы, қоғамдық қызметтегі кейбір қызық оқиғалармен де бөлісті.

Сондай-ақ, бұл ғылыми-танымдық шараға оқу орнымыздың оқу-тәрбие істері жөніндегі проректоры м.ғ.д Э.К. Исмагулова және № 2 мектеп-гимназиясының директоры С.Ш. Данишева басқарған ұжымы, мектеп оқушылары, С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхананың директорының орынбасары Бақытгүл Снабаева, Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң Жастар ісі жөніндегі бөлімінің маманы А.М.Жәленова қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесуді кафедра жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Т.Төлепбергени қорытындылап, өз сөзінде Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың еліміздегі экономика мен саяси салаларды жаңғырту мен қайта құрудағы үлестерінің маңыздылығына тоқталып, оның ісін жалғасын табатындығын сөз етті.

Ұйымдастырылған шара барысында еліміздің біртуар азаматы, шынайы ұлт патриоты Марат Оспанов туралы жылы лебіздер тыңдалып, бұндай істер жалғасын таба береді деген ортақ пікір қалыптастырылды.