Тәрбиелік мәдени-шара
Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасының оқытушылары С.С.Самбаева, А.Б.Ахметова, А.А.Темирбаеваның ұйымдастыруымен Халықаралық факультететтің 126АБ, 324АБ топтар студенттерімен «Үндістан және Қазақтан елдерінің салты мен мәдениетіндегі ерекшеліктер» тақырыбында тәрбиелік мәдени-шара өткізілді.
Тәрбиелік мәдени шараның мақсаты – екі елдің мәдениетін, дәстүр-салтын біліп-түсіну арқылы студенттердің саналы тәрбиелі азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Студенттер өз елінің, яғни Үнді халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, Дивали, Холи мерекелерінің ерекшеліктеріне тоқталды. 3 курс студенттері Қазақстандағы Наурыз мерекесі, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған презентация, бейне роликтер дайындап көрсетті. 324Б топ студенттері Нитин Кумар патриоттық ән орындап, Физза Абайдың ағылшын тіліне аударылған “Summer” өлеңін мәнерлеп оқыды.
Мәдени шараларды жиі өткізу әр елдің мәдениетін, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын біліп құрметтеу, әрбір студенттің өзін-өзі құрметтеуімен, қалыптасуына үлкен ықпал етіп, ұлтаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.