«ҰЛЫ ДАЛА РУХАНИЯТЫ: ӘЛ-ФАРАБИДЕН АБАЙҒА ДЕЙІН»
«Рухани жаңғыру» Мемлекеттік Бағдарламасының аясында әлемнің ұстазы атанған ойшыл Абу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және кемеңгер ақын, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Ұлы Дала руханияты: әл-Фарабиден Абайға дейін» тақырыбында Республикалық ғылыми семинар өткізді.
Ғылыми семинарда негізгінен ҚР ҰҒА «Философия, саясаттану және дінтану» институтының директорының орынбасары ф.ғ.д., С.Е. Нұрмұратов, әл-Фараби атындағы ҚҰУ «Философия және саясаттану» факультеті, «Философия» кафедрасының жетекшісі ф.ғ.д., профессор Г.Ж. Нұрышева, С.Сейфулин атындағы Арготехникалық уиверситеті, «Философия» кафедрасының жетекшісі ф.ғ.к., доцент Е.Е. Муканбеткалиев, Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, ф.ғ,д., Ө.Қ.Бекежан және Марат Оспанов атындағы БҚМУ ф.ғ.д., профессор А.Т. Тайжанов баяндама жасады.
Zoom платформасында өткен ғылыми семинарды кафедраның аға оқытушысы, саяси ғылымдар магистрі, модератор Б.А. Молдин жүргізді. Республикалық қатысыммен өткен танымдық шара ф.ғ.д., профессор А.Т. Тайжановтың «Ұлы Дала ойшылдарының Рухани тоғысулары мен ой кешу үрдістері» тақырыбындағы баяндамасымен ашылды. Содан кейін сөз алған ф.ғ.д, С.Е. Нұрмұраовтың «Руханилық құбылыс хақында» ойлары, ф.ғ.д., профессор Г.Ж. Нұрышеваның әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әлемдік деңгейде өткізіліп жатырған шаралары мен «Смарт Сити» жобасы, ф.ғ.к., доцент Е.Е. Муканбеткалиев Абайдың қара сөздерінің саяси, әлеуметтік мәнін, ф.ғ,д, Ө.Қ.Бекежан әл-Фараби мен Абай еңбектерін қазіргі қоғамға танытудың жаңа әдістерін ұсынған ойлары ғылыми семинарға қатысқан оқытушылармен, студенттер үшін мәнді, маңызды болды. Қатысушылар өте белсенді болды. Әсіресе, М.Оспанов атындағы БҚМУ «Жалпы медицина» факультетінің студенттері Абызова Л, Асылбек А, Берікқызы Л, Әбутәліп Н ғалым-профессорларға өзекті тақырыптарда сұрақтар қойып, ой бөлісті.
Сондай-ақ, ғылыми – семинарға оқу орнымыздың оқу-тәрбие істері жөніндегі проректор м.ғ.д Э.К. Исмагулова және Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, С.Бәйішев атындағы АУ оқытушылары, М.Оспанов атындағы БҚМУ көптеген кафедра оқытушылары, Жастар ісі жөніндегі бөлімінің мамандары қатысты.
Республикалық ғылыми кездесуді кафедра жетекшісі, т.ғ.к., Ж.Т.Төлепбергенимен, кафедраның аға оқытушысы Б.И. Шәмші қортындылап, «Ұлы Дала руханияты: әл-Фарабиден Абайға дейін» тақырыбындағы ғылыми-семинардың маңыздылығына тоқталып, баяндама жасаған ғалымдарға, қатысушыларға алғыс білдірді.
Ұйымдастырылған шара барасында әл-Фараби мен Абай еңбектері, қазіргі заман үшін құнды ойлары айтылып, бұндай маңызды ғылыми-семинарлар жалғасын табады деген пікір қалыптастырылды.