Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің әлеуметтік саясат мәжілісі
Әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен М.Оспанов атындағы БҚМУ “әлеуметтік саясат” сұрақтарын дамытуға арналған онлайн-конференция өтті.
Конференцияға оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Э.К.Исмагулова, факультет декандары, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент жетекшісі А.Е.Наженов, жастар ісі жөніндегі бөлім жетекшісі З.А.Тажибаева, әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Ә.Ж.Сейталиева, сонымен қатар Студенттік Парламент көшбасшылары қатысты.
Конференцияда әлеуметтік осал санаттағы студенттер үшін қосымша жеңілдіктер енгізу, сондай-ақ оқуда, ғылыми-зерттеу жұмысында, волонтерлік қызметте және спорттық жарыстарда ерекше көзге түскен студенттерге арнайы жеңілдіктер енгізу мәселелері талқыланды. Университеттің әлеуметтік қызметкері – Ольга Цесько ЖОО-ның қолданыстағы әлеуметтік саясатының тұсаукесерін өткізді, Қазақстанның басқа медициналық университеттерімен әлеуметтік қолдаудың салыстырмалы анализін өткізді. Содан кейін отырысқа қатысушылар біздің университетіміз үшін саясатты дамыту бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.
Студенттік Парламенттің көшбасшылары университеттің барлық студенттерінің атынан оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға және факультет декандарына тікелей сұрақтар қойып, оларға ЖОО студенттері үшін әлеуметтік қолдауды енгізу мен дамытуға қатысты жауаптар алды.
Конференция қорытындысы бойынша университеттің әлеуметтік саясатын дамытуды жалғастыру туралы шешім қабылданды. ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес волонтерлік қызметпен айналысатын студенттерге стипендия алу тетігін әзірлеу