Жаңа мамандық
Жұбанов университетінде бакалавриат деңгейінде М.Оспанов атындағы БҚМУ мен жаңа біріккен «IT-Медицина» білім бағдарламасы ашылды.
Ол республика бойынша бірыңғай мамандықтар тізіліміне (реестр) енгізілген.
Білім бағдарламасының бағыты: Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
Білім беру қызметі нарығында жаңа мамандықтың пайда болуына республиканың түрлі салаларында, соның ішінде денсаулық сақтауда цифрландырудың белсенді дамуы ықпал етті.
Оқу үрдісі бірден екі ЖОО-да өтеді: М.Оспанов атындағы БҚМУ, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-де.
Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқу топтары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Модульды оқу бағдарламасында барлығы 240 кредит, оның 60% Жұбанов университетінің, 40% Медицина университетінің пәндері құрайды. Өндірістік практикалар денсаулық сақтау орындарында өтеді.
Пәндер негізін медицинадағы интернет технологиялар, медикоөбиологиялық мәліметтер қорын өңдеу мен жобалау, жасанды интелект, мәліметтерді сараптау мен машиналық оқыту, электронды денсаулық сақтау, денсаулық сақтаудағы жобаларды басқару бағыты құрайды.
IT-медицина қызметкерлері кез-келген ғылыми зерттеу институттартарда, емханаларда, ауруханаларда, маңызды зерттеулер жүргізумен айналысатын шағын жеке зертханаларда жұмысқа орналаса алады.
Болашақта М.Оспанов атындағы БҚМУ байланысты «нейропсихология», «биофизика» бағыттарында жалғастыру жоспары бар.