«Болашақ» – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Болашақ»

 

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің неврология кафедрасының ассистенті Утегенова Айгерим Беркиновна «Болашақ» бағдарламасы аясында Лондондағы King’s College Hospital-да клиникалық тағылымдамадан өтуде. Невролог-дәрігердің King’s College Hospital неврология бөлімдеріндегі клиникалық тағылымдамасы неврологиялық аурулардың кең ауқымын диагностикалау мен емдеу бойынша тәжірибелік білімдері мен дағдыларын тереңдетуге бағытталған. Тағылымдама барысында дәрігерлер халықаралық мамандар тобымен бірге жұмыс істеп, күрделі клиникалық жағдайларды басқаруға қатысады, сондай-ақ нейровизуализация мен нейрофизиологияның озық әдістерін меңгереді.



Терапевтік және ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі Құрманалина Мадина Акдаулетовна Ұлыбританиядағы Орталық Ланкашир университетінің (UCLan) базасында, медицина және стоматология мектебінде “500 ғалым” бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Бұл бағдарлама оған стоматологиялық емдеу мен ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін жетілдірілген деңгейде тереңдетіп зерттеуге және биомедициналық ғылымдар мен технологиялар саласындағы жұмыстарды қоса алғанда, ғылыми жобаларға қатысуға бірегей мүмкіндік берді. Престон қаласында орналасқан Орталық Ланкашир университеті Ұлыбританиядағы ең ірі университеттердің бірі болып табылады. Ол өзінің белсенді халықаралық ынтымақтастығымен және сапалы білімімен танымал. UCLan Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 800 университеттің қатарына кіреді. Университет 100-ден астам елден студенттерді тартады және 125 халықаралық оқу орындарымен ынтымақтасады.



Фармакология, клиникалық фармакология кафедрасының оқытушысы Дарменкулова Айнур Шукиргалиевна «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында, Рединг университеті (University of Reading), Ұлыбритания «500 ғалым» ғылыми тағылымдасынан өтуде. Бұл университет көп профильді оқу ұйымы, Ұлыбританиядағы топ 30 рейтингі жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Жас ғалым Ұлыбританиядағы білім беруді басқару саласындағы менеджмент пен ЖОО студенттерінің білім беру қызметінде жасанды интеллектті қолдануды игеруде. Ол шетелде алған тәжірибесін елдің игілігі үшін пайдалануға ниетті.

 



Кемельбеков Баглан Сатыбалдыулы – Докторант кафедры нормальной физиологии. Проходит стажировку по программе “Болашак” с 01.04.24 по 29.06.24 в городе Каунас (Литва) в Литовском университете наук здоровья. Институт кардиологии. Отделение аритмологии и электрофизиологии сердца. По специальности: Кардиология. Аритмология. Интервенционная кардиология. Т86. Занимается изучением биотехнологических методов лечения пациентов с ишемической кардиомиопатией. За время стажировки написал две научной статьи, один тезис в международную конференцию.

 

 



Сарина Айзада Айхановна – морфологиялық зертхананың аға ғылыми қызметкері, гистология кафедрасының оқытушысы. “Болашақ” халықаралық бағдарламасы аясында ол АҚШ-тың Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінің (University of Illinois Urbana-Champaign) базасында “500 ғалым” ғылыми тағылымдамасынан өтуде. Университет әлемдік университеттердің академиялық рейтингінде 28-ші, сонымен қатар клиникалық медицина мен фармацевтика саласында 2-ші орында. US News & World Report 2023-2024 жылдардағы Американың үздік колледждерінің рейтингінде Иллинойс университеті мемлекеттік университеттер арасында 12-ші және ұлттық университеттер арасында 35-ші орынға ие болды.

Жас ғалым педагогика, білім беру саласындағы зерттеулер, жоғары білім берудегі инновациялар мен үрдістер бағыты бойынша тағылымдамадан өтуде. Бағдарламаға мыналар кіреді: онлайн оқыту және оқыту стратегияларын әзірлеу, МООС зерттеу және әзірлеу (Massive Openlline Courses).

Ол өзінің халықаралық тәжірибесін өз елінің мүддесі үшін пайдалана отырып, үлес қосқалы жатыр.