Мейірбике ісін жетілдіру орталығы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Мейірбике ісін жетілдіру орталығы

ProInCa «Денсаулық сақтау қызметтеріне көшу кезеңінде медбике ісі бойынша жоғары білімнің инновациялық әлеуетін алға жылжыту. (ProInCa)» халықаралық жобасы аясында 2021 жылдың қаңтарында Мейірбике ісін жетілдіру орталығы құрылды ). Мейірбике ісін жетілдіру орталығы, ол Марат Оспанов атындағы БҚМУ құрылымдық бөлімшесі.

 МІЖО www.nursekz.com негізгі электрондық платформасында желілік ұйымдық құрылым ретінде қарастыруға болады.

Тегін бірлескен веб-бет пен қауіпсіз электрондық оқыту платформасынан тұратын Moodle, CVC электронды платформасы (МІЖО) – медбикелерге, студенттерге, мейірбике мұғалімдеріне, мейірбике ісі жөніндегі зерттеушілерге және басқа да мейірбике ісі саласындағы мүдделі тараптарға арналған көп ақпараттық қызмет.

МІЖО-нын миссиясы мүдделі тараптардың ынтымақтастығы мен желісін нығайту және медициналық көмек сапасын жақсарту және қоғамдық денсаулықты жақсарту үшін дәлелді мейірбикелік тәжірибені ілгерілету арқылы Қазақстандағы мейірбике ісін дамытуға үлес қосу болып табылады.

Функциялары:

– Консорциум Кеңесі бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстарды орындау;

– республикалық деңгейде мейірбике ісі бойынша конференциялар, дөңгелек үстелдер, онлайн/офлайн кездесулер ұйымдастыру;

– жергілікті денсаулық сақтау органдарымен, аймақтық кәсіби мейірбикелер қауымдастығымен, денсаулық сақтау ұйымдарымен және де МІЖО шеңберінде өзара әрекеттесу;

– МІЖО платформасы үшін дәлелді мейірбике ісі, зерттеу және мейірбике ісіндегі көшбасшылық туралы мазмұнды қамтамасыз ету;

– МІЖО желісін кеңейту

– барлық деңгейдегі медбикелердің кәсіби дамуы

Штаб құрамында жетекші, әдіскер, маман бар

Курганбекова Меруерт Бахбергеновна

Мейірбике ісін жетілдіру орталығының жетекшісі

Нугманова Гульмира Демегеновна

Мейірбике ісін жетілдіру орталығының методисті