Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты |
Фармацевт ретінде олардың табысты жұмысына ықпал ететін кәсіби және коммуникативтік дағдыларды меңгерген құзыретті білікті мамандарды даярлау болып табылады. |
Берілетін дәреже/біліктілік |
Денсаулық сақтау бакалавры |
Бағдарламаны әзірлеушілер |
Сагинбазарова А.Б. |
Қолданысқа енізілді |
2022 |
Маман лауазымдарының тізбесі |
Фармацевт |
Кәсіби қызмет саласы |
Фармацевтикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық қызмет |
Кәсіби қызметтің функциялары мен түрлері |
Функциялары-ДЗ сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру. Көтерме және бөлшек тұтынушыларға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Дәрілік заттарды дайындау және өндіру бойынша фармацевтикалық ұйымдардың өндірістік қызметін ұйымдастыру. Жүзеге асыру фармацевтикалық кәсіпорындар мен дәріханалар жағдайында дәрілік заттардың сапасын бақылау. Кәсіби қызмет түрлері: ұйымдастырушылық – басқарушылық; бақылау – рұқсат беру; ақпараттық – талдамалық. |